Kino.kz сайтының әкімшілеріне "Өйткені шымкенттік" фильміне қатысты қолданушылар қалдырған жағымсыз пікірлерге бола қоқан-лоқы көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Kino.kz сайтының әкімшілеріне "Өйткені шымкенттік" фильміне қатысты қолданушылар қалдырған жағымсыз пікірлерге бола қоқан-лоқы көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған байланысты "Қазкоммерцбанкке" тиесілі сайттың әкімшілігі фильмге қатысты пікірлерді жариялауды тоқтатуға шешім қабылдады. "Табынушылар мен фильмге қарсы адамдардың әрекеттеріне, сондай-ақ сайт әкімшілігіне жасалған қоқан-лоқыға байланысты фильм прокаттан шыққанша рецензияларды шығару тоқтатылады", - деп жазды әкімшілер сайтқа.
Қазкоммерцбанктің БАҚ-пен және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сергей Чикиннің айтуынша, сайттың әкімшісіне жағымсыз пікірлерге байланысты сотқа жүгінетіні туралы SMS-хабарлама келіп түскен. Сонымен қатар, басты рөлді сомдаған Айәсем Масақбаева да қоңырау шалып, "Өйткені шымкенттік" фильміне қатысты сайттағы жағымсыз пікірлердің барлығын өшіріп тастауды талап еткен.
"Өйткені шымкенттік" фильмінің режиссері Жәнібек Жанқараевтың айтуынша, ол қоқан-лоқының кімнен келіп түсуі мүмкін екенін білмейді. "Кімнің жіберуі мүмкін екенін білмеймін. Маған фильмді көрген көптеген көрермен фильм туралы жақсы пікірлерінің сайтқа шығарылмағаны туралы хат жазды. Қарасақ, сайтта тек жағымсыз пікірлер ғана қалыпты", - деді ол.
Айта кетейік, "Өйткені шымкенттік" фильмі 19 наурыз күні қазақстандық прокатқа шықты. Лента, сюжет бойынша, көпшілік жақтыра бермейтін Шымкент тұрғындарының ауыр тағдыры туралы. Жас жігіт Алматыға келіп, бір қызға ғашық болып қалады. Ал қыздың ата-анасы шымкенттіктерді жақтырмайды. Айәсемге деген махаббат оның Шымкенттен емеспін деп өтірік айтуына алып келеді. Кейіпкер өтірікке неғұрлым терең батқан сайын, жағдай да одан әрі ушыға береді.