Кинотеатрларда фильмдерге қазақша субтитр қосылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© .kz © .kz

Кинотеатрдағы фильмдерде қазақ тіліндегі субтитрлер пайда болады. Мұндай норма Сенатта талқыланып жатқан "Кинематография туралы" заңнамада жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кинотеатрдағы фильмдерде қазақ тіліндегі субтитрлер пайда болады. Мұндай норма Сенатта талқыланып жатқан "Кинематография туралы" заңнамада жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұлттық фильмдер прокатқа қазақ тілінде шығуы тиіс, қажет болғанда басқа да тілдерде шығады. Фильмдер ҚР территориясында прокаты және көрсетілімі кинозалда қазақ тіліне аударылуы керек немесе субтитрлары болуы қажет. Немесе кадр сыртында қазақ тіліне аударылуы тиіс, тек бұл тізімге прокаты шектеулі фильмдер кірмейді", - делінген заңнаманың қорытынды нұсқасында. 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазіргі "Мәдениет туралы" заңнама фильмдерді қазақ тіліне дубляждау "декларатив" болып саналатынын айтады. 

"Елімізге шамамен 300 фильм кіріп жатады, олардың прокаты қазақ тіліне аудармасыз шығады. Бұған өзіндік себептері бар, олардың бірі - заңды иегері үшін шығын. Қазақстан территориясында кәсіби дубляждың шығыны прокаттан түскен қаражаттан әлдеқайда асып түсуі мүмкін. Қытайда, АҚШ-та негізгі тілден аудитория тіліне ыңғайлы болуы үшін барлық фильмдерге субтитрлер міндетті. Осы ең тиімді әрі тиімді механизм", - дейді министр.

Сонымен қатар, фильмдердің қай жастағы адамдарға арналғаны туралы классификация жасалады. Осы заңның арқасында ұлттық кинода сапа мен бәсекелестікті дами түседі. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына құқықтық негіздеге мекеме ашу көзделген. Орталық мемлекеттік фильмдерді қаржылай қолдауға арналған оператор болады. 

Еске ссалайық, барлық фильмдерді қазақ тіліне аудару туралы ұсыныс 2016 жылы айтылған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro