Корейлік "Паразиты" фильмі АҚШ киноактерлері гильдиясының басты премиясын алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

АҚШ киноактерлары гильдиясы SAG Awards (Screen Actors Guild Awards) премия иегерлері анықталды. 26-шы марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте жексенбіде өтті, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ киноактерлары гильдиясы SAG Awards (Screen Actors Guild Awards) премия иегерлері анықталды. 26-шы марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте жексенбіде өтті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оңтүстіккореялық режиссер Пон Чжун Хоның "Паразиты" фильмі АҚШ киноактерлары гильдиясының үздік актерлік құрам премиясын алды. Осылайша, "Паразиты" фильмі АҚШ киноактерлары гильдиясының осы сыйлығын алған бірінші шетелдік лента болды. 

Үздік ер адам рөлі Хоакин Феникске ("Джокер") бұйырса, "Екінші пландағы үздік ер адам рөлі" санатында Брэд Питт ("Однажды в Голливуде") жеңімпаз атанды. 

Үздік әйел рөлі Рене Зеллвегерге ("Джуди") бұйырды. Осы рөлі үшін ол осыған дейін "Алтын глобусты" алды және "Оскар" премиясына ұсынылды. "Екінші пландағы әйел рөлі" атағын "Брачная история" фильмінде ойнаған Лора Дерн алды. 

"Ирландец" фильмінде басты рөлді ойнаған Роберт Де Ниро SAG Award премиясында рәсімінде осы салаға қосқан үлесі үшін марапатталды. 

Драмалық сериал бойынша Дженнифер Энистон ("Утреннее шоу") және Питер Динклэйдж ("Игра престолов"), комедиялық сериал бойынша Тони Шелуба ("Удивительная миссис Мейзел") және Фиби Уоллер-Бридж ("Дрянь") марапатталды. 

SAG (Screen Actors Guild) АҚШ-та жұмыс істейтін 120 мыңға жуық актерді біріктіреді. SAG Award сыйлығы 1995 жылдан бастап беріледі. Кинофильмдердегі рөлдері үшін, сондай-ақ телевизиялық жұмыстар үшін 15 номинацияда анықталатын жеңімпаздар қолдарында масканы ұстап тұрған актерді бейнелейтін қола мүсіншені алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.21  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro