"Көрсетуге тыйым салды". Ақтаулық режиссер Маңғыстау облысы әкімдігіне шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Көрсетуге тыйым салды". Ақтаулық режиссер Маңғыстау облысы әкімдігіне шағымданды Видео кадры

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы кинорежиссер Қанат Майлыбаевқа "Құдық" атты жаңа фильмін көрсетуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы кинорежиссер Қанат Майлыбаевқа "Құдық" атты жаңа фильмін көрсетуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Режиссердің айтуынша, бастапқыда ол фильмді түсіріп, көрсетуге Маңғыстау облысының әкімдігінен рұқсат алған. Бірақ премьераға екі күн қалғанда, 11 ақпанда әкімдіктен хат келген, онда фильмде қатыгездік, зорлық-зомбылық, оралмандарды қорлау көріністері бар және облыста көрсетуге тыйым салынғаны көрсетілген.

"Премьераға дейін фильмді ешкімге көрсетпедім, оны ешкім көрмеді. Бұл әділ емес, негізсіз. Оларды шақырсам да, жабық көрсетілімде әкімдік өкілдері болған жоқ. Фильмді көрместен көрсетуге тыйым салды. Мен фильмді көріп, баға беру үшін комиссия жіберуді өтіндім. Бұған қанша уақыт жұмсадым. Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауабын күтпестен, облыстық әкімдік өз бетінше тыйым салды. Бұл жағдайды анықтағым келеді", - деді режиссер.

Майлыбаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне прокат куәлігін алу үшін жүгінген. Олар екі апта ішінде жауап беретінін айтқан.
 
Ал Мәдениет және спорт министрлігі құжаттарды толық ұсынбағандықтан, (өтініш берушінің фильмге немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжаттардың электрон көшірмелері қоса берілмеген) режиссерге фильмді прокатқа шығару куәлігін беруден бас тартылғанын атап өтті.

Шынайы оқиғаларға негізделген "Құдық" драмасы 2020 жылы Маңғыстау облысында түсірілген. Фильмде атажұртқа оралған қазақ пен жергілікті қыздың арасындағы махаббат хикаясы баяндалады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qúdyq.film (@qudyq.film)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети