05 сәуір 2017 | 10:15

"Құнанбай" және "Жаңғақ тал" фильмдері Бейжіңде өтетін фестивальде көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

 "Жаңғақ тал" фильмінен алынған кадр. © kaznui.kz "Жаңғақ тал" фильмінен алынған кадр. © kaznui.kz

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған "Құнанбай" және "Жаңғақ тал" фильмдері Қытайдың астанасында сәуірдің 19-ы мен 21-і аралығында өтетін Халықаралық Бейжің кинофестивалінің (Beijing International Film Festival) "Панорама" бағдарламасында көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, екі фильм де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген.


Иконка комментария блок соц сети

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған "Құнанбай" және "Жаңғақ тал" фильмдері Қытайдың астанасында сәуірдің 19-ы мен 21-і аралығында өтетін Халықаралық Бейжің кинофестивалінің (Beijing International Film Festival) "Панорама" бағдарламасында көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, екі фильм де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген.

"Фильм көптеген фестивальдерге қатысып, танылып жатқанына өте қуаныштымын. Картинаның желісі мейірімге толы, сондықтан да қытайлық көрермендердің көңілінен шығатынына сенімдімін", - деді "Жаңғақ тал" фильмінің режиссері Ерлан Нұрмағамбетов.

Естеріңізге сала кетсек, "Жаңғақ тал" фильмі Оңтүстік Кореядағы Пусан фестивалінде әлемдік премьерасын өткізіп, онда New Currents ("Жаңа ағым") секциясы аясында бас жүлдені иемденген болатын. Сонымен қатар, аталмыш картина Везульдегі Азия кинолары 22-і Халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетіліп (Франция, 2016 жыл), екі бірдей жүлдеге - халықаралық қазылардың арнаулы жүлдесіне және кино сыншыларының арнаулы жүлдесіне ие болды.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын марқұм Таласбек Әсемқұлов екеуіміз «Біржан сал» фильмімен Қытайға арнайы барып едік. Көрсетілімге 500-ге жуық халық қатысты, олардың арасында қазақтар да болды. Фильмді өте керемет қабылдады. Тарихтан сыр шертетін фильміміз қытайлық көрермендерге ұнайды деген ойдамын", - деді "Құнанбай" фильмінің режиссері Досхан Жолжақсынов.

Ұлы ойшыл Абайдың әкесі - Құнанбай Өскенбайұлының өмірі жайлы баяндайтын тарихи туынды еліміз бойынша прокатқа 2015 жылы шығып, көрерменнің көзайымына айналған болатын. Аталмыш фильм ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және Мемлекет тарапынан да жоғары бағасын алды. Елбасы ҚР Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында 2016 жылдың әдебиет пен өнер саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықты фильмнің түсіру тобына үлестірді. Жарлыққа сәйкес премия режиссер - Досхан Жолжақсыновқа, қоюшы суретші - Рустам Одинаевқа, сонымен қатар актерлер - Нурсифат Салықоваға және Айдос Бектемірге берілді.

Сонымен қатар, алғашқы ұлттық "Тұлпар" кинопремиясында фильмнің авторлары үздік атанып, "Үздік ер адам рөлі", "Үздік қоюшы суретші", "Үздік композитор", "Үздік сценарий" аталымдар бойынша төрт бірдей жүлдеге қол жеткізді. Одан бөлек, Уфада өткен III халықаралық ұлттық және этникалық кино "Күміс Ақбозат" фестивалінде Әмір Әбдіразақов атындағы "Ұлттық рух" жүлдесін иеленген.

Бейжің халықаралық кинофестивалі Қытайдың байланыс, радио, кинематография және телеарналар бас басқармасы және Пекиннің муниципалитет халық үкіметі, сондай-ақ Қытайдың кино жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі. Байқау ұйымдастырушыларының айтуына қарағанда, Пекин фестивалі жылдан жылға дамып, бүгінде Азияда өтіп жатқан кинофестивальдердің алдында тұр.

Биыл байқауға 90 елден 1000-ға жуық кинотуындылар қатысып отыр. Олардың ішінен негізгі бағдарламаға 15 фильм іріктеліп алынған. Конкурстық байқауға ұсынылған фильмдердің үздігін белгілі дат режиссері Билл Августтың басшылығымен халықаралық қазылар алқасы анықтайтын болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети