"Құрманжан Датқа" киноэпопеясы "Оскар" сыйлығына ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Қырғыз халқының тарихи қайраткері туралы "Құрманжан Датқа" киноэпопеясы "Оскар" сыйлығына ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғыз халқының тарихи қайраткері туралы "Құрманжан Датқа" киноэпопеясы "Оскар" сыйлығына ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Фильмнің режиссері - Сыдық Шер-Нияз. Тарихи киноэпопеяның премьерасы 2014 жылдың 31 тамызы күні болды. "Құрманжан Датқа" "Оскар" сыйлығының "Шетел тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша үміткерлерінің тізіміне енді. Бұл номинация бойынша тізімде барлығы 100-ге жуық картина бар. Қазақстанның атынан қандай фильмнің ұсынылатыны әзірше белгісіз. Ал қырғыз фильмі енді бірінші іріктеуден өтуі тиіс, ол кезде үміткерлердің қатары 50 картинаға дейін қысқарады, содан кейін 9 жұмыс енгізілетін шорт-листке өту қажет болады.

Режиссердің өзі фильмнің жеңіске жетуге мүмкіндігі бар деп есептейді. "Тартыс күшті болады. Бірақ біз тырысып бағамыз. "Құрманжан Датқа" Қырғызстанда табысты түрде көрсетілді. Жуырда біз оны Нью-Йоркте көрсетеміз, ал одан бұрын біздің фильм Ресейдің кинопрокатына шығады", - деді ол.

Фильм Қырғызстанда үш жыл бойы түсірілді. Оған 700 актер қатысты. Қырғыз мемлекеті фильмді түсіруге ел бюджетінен 70 миллион сом (1,5 миллион долларға жуық немесе 273 миллион теңгеге жуық) бөлді. 

Құрманжан Датқа ХІХ ғасырдағы Алай қырғыздарының патшасы болған. Ол күйеуі өлгеннен кейін қырғыз халықтары одағын басқарды. Қырғыздар оны халықтың анасы деп санайды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro