Леонардо Ди Каприо BAFTA жүлдесіне ие болды

15 Ақпан 2016, 09:39
0
Леонардо Ди Каприо  BAFTA жүлдесіне ие болды - Леонардо Ди Каприо. © David Fisher/Rex shutterstock
Леонардо Ди Каприо. © David Fisher/Rex shutterstock

Лондонда ұлыбританиялық BAFTA жүлдесінің 69-шы марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды The Variety.

Алехандро Гонсалес Иньярритудің "Выживший" драмасы жылдың ең үздік фильмі атанды. Осы фильмде басты рольді ойнаған Леонардо Ди Каприо "жыл актері" аталымы бойынша жеңімпаз болды. Ал ең үздік актриса атағы режиссер Леонард Абрахамсонның "Комната" фильміндегі ролі үшін Бри Ларсонға берілді.

Ұлыбританиялық үздік фильм аталымында режиссер Джон Краулидің "Буклин" лентасы жеңіске жетті. Ұлыбритания кино және телевизия академиясы "екінші пландағы үздік актер" атағын Стивен Спилбергтің "Шпионский мост" киносындағы ролі үшін Марк Райлэнске берді. "Екінші пландағы үздік актриса" атағына Кейт Уинслет ("Стив Джобс") ие болды.



  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай