Леонардо Ди Каприо Леонардо да Винчидің ролінде ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Леонардо Ди Каприо Леонардо да Винчидің ролінде ойнайды © REUTERS

Америкалық актер Леонардо Ди Каприо суретші әрі ғалым Леонардо да Винчи туралы фильмде басты рольде ойнайды, - деп жазады Deadline.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық актер Леонардо Ди Каприо суретші әрі ғалым Леонардо да Винчи туралы фильмде басты рольде ойнайды, - деп жазады Deadline.

Басылымның мәліметінше, актер бұл фильмде тек актер болып қоймай, сондай-ақ, фильм продюсерлерінің бірі болады. Әзірше фильмнің атауы жоқ, түсірілім жұмыстары қашан басталатыны да белгісіз. Бірақ түсірілім жұмыстарын Paramount кинокомпаниясы жүргізетіні белгілі болды.


© Wikipedia

Фильмге америкалық жазушы әрі журналист Уолтер Айзексонның биыл 2017 жылдың күзінде жарыққа шығатын "Леонардо да Винчи" кітабы негіз болған. Айта кетейік, Уолтер Айзексон танымал адамдардың биографиялық кітаптарын жазуымен айналысады.

Ди Каприоның өзі болса бұл рольде ойнағысы келетінін айтады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети