11 наурыз 2016 09:39

Леонардо Ди Каприоның ағасына іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам Фаррар және Леонардо Ди Каприо. © Тhesun.co.uk Адам Фаррар және Леонардо Ди Каприо. © Тhesun.co.uk

АҚШ-та Голливуд актері Леонардо Ди Каприоның өгей ағасы, 44 жастағы Адам Фаррарға іздеу жарияланды, -  деп хабарлайды The Sun.


АҚШ-та Голливуд актері Леонардо Ди Каприоның өгей ағасы, 44 жастағы Адам Фаррарға іздеу жарияланды, -  деп хабарлайды The Sun.

Фаррар мен оның жұбайы Черити Мур ақпан айының соңында сотқа шақырылған. Олар дүкеннен сомасы 990 доллар болатын тауар ұрлады деп айыпталыпты. Ерлі-зайыпты сотқа келмегендіктен, енді 3 мың доллар айыппұл төлеуге міндетті.

Ди Каприоның ағасы бұған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені және тыйым салынған заттарды сақтап, көлікті құжатсыз жүргізгені үшін жауапқа тартылған екен.

Айта кетейік, Адам Фаррар 1999 жылға дейін түрлі фильмдер мен сериалдарға түсіп жүрді. Ол соңғы рет "Щенки" фильмінде ойнады. Кейін ұзақ жылдар бойы нашақорлықтан емделді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети