Қазақстандық "Мәңгілік аспан астында" фильмі Қытайда өткен халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық "Мәңгілік аспан астында" фильмі Қытайда өткен халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кинофестивальде 78 фильм таныстырылды." Мәңгілік аспан астында" ғылыми-танымдық фильмінің режиссері Бақыт Қайырбеков "Инновациялық жоба" аталымы бойынша марапатталып, Қытай Халық Республикасы министрлігі өкілдерінен жүлде алды.
Айта кетейік, "Мәңгілік аспан астында" фильмі ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің тапсырысымен 2015 жылы түсірілген болатын. Бұл бірегей жоба Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ғасырлар тоғысында" кітабы негізінде құрылған.
"Қазақстандық фильм лайықты марапатқа ие болды. Фильм қазақ халқының өмірі мен мәдениетін жаңа қырынан танытып, көрме қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Болашақта да өз арамызда жемісті енбек етеміз деп сенемін", - деді Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының Мәдениет департаменті директорының орынбасары Кенес Сани.