Марк Дакаскос тағы да көшпенділер жайлы фильмге түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марк Дакаскос тағы да көшпенділер жайлы фильмге түсті

Америкалық актер әрі режиссер  Қазақстанда көшпенділер жайлы түсірілген "Земля номадов" фильмінің түсірілімдеріне қатысты. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Земля номадов" ғылыми-танымдық фильмнің түсірілімдеріне америкалық Castlefilm компаниясы мен актер Марк Дакаскос қатысты. Барлық фильм субтитрмен көрсетіледі және алты тілге дубляждалады. Сондай-ақ, фильм аудиториясы 700 миллионнан аса адамды қамтитын Discovery, Viasat History, National Geographic телеарналарынан көрсетіледі", - деп хабарлады министр Мәжілістегі үкімет залында.

Сондай-ақ, министр "Қазақстанның сакралды географиясы", "Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" және "Туған жер" жайлы арнайы жобаларға тоқталып өтті.

"Бүгінде сакралдық орындардың қатарына кірген 100 нысан бар және жалпы ұлттық мәні бар 500 нысан бар. "Қазақстанның сакралды географиясы" жобасы 3D-форматта виртуалдық картадан көрсетіледі. Сондай-ақ, жоба барлық ұялы телефон қосымшасына қолжетімді", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Орталық коммуникациялар қызметінің мәліметінше,  Castlefilm компаниясын голливуд актері әрі продюсер Кэри-Хироюки Тагава басқарады. Фильмде бірегей сакралды орындар туралы және номадтардың өмірі жайлы айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети