Мәскеуде танымал актриса, Кеңес киносының жұлдызы Светлана Светличная хабар-ошарсыз кетті. Туыстары полицияға оның жоғалғаны туралы арыз берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Московский Комсомолец" және РИА Новости сайттарына сілтеме жасап.
Мәскеуде танымал актриса, Кеңес киносының жұлдызы Светлана Светличная хабар-ошарсыз кетті. Туыстары полицияға оның жоғалғаны туралы арыз берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Московский Комсомолец" және РИА Новости сайттарына сілтеме жасап.
81 жастағы актрисаның ұлы анасы 21 қазанда жоғалып кеткенін мәлімдеді. Ол бір ай бұрын көшіп келген пәтерінде болмаған, ұялы телефонын көтермеген.
Светлананың тұрғылықты жерін тексеру кезінде полицейлер назар аудартарлық ештеңе байқамады. Пәтерде құжаттары мен қомақты ақшасы бар рюкзактар табылды, актрисаның жеке заттары жоғалмаған.
Түсірілім кезінде алған жарақатынан кейін актрисада деменция белгілері байқалғаны атап өтілді.
©РИА Новости
"Олар 20 қазанда телефон арқылы сөйлескен, актрисаның үйден шығып, пәтерге оралғаны да белгілі. Сол күні күзетшінің айтуынша, түсірілім тобы Светлана Афанасьевнаның үйіне келген. Олар кеткенде, актриса үйде қалған. Шамамен 17.00-де актриса белгісіз нөмірден туысына қоңырау шалып, түсініксіз әңгіме айтқан. Кейінірек сол күні оған біреу жедел жәрдем шақырғаны анықталды, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартқан.
22 қазанда туыстары актрисаның тұрғылықты жеріне келді, бірақ ешкім пәтердің есігін ашпаған, ұялы телефонына жауап бермеген. Содан кейін өздерінің кілттерін пайдаланып, пәтерге кірген, бірақ үйде ешкім болмаған. Белгісіз нөмірден қоңырау шалғаны есіне түсіп, туыстары сол нөмірге қоңырау шалған. Телефонды әйел адам көтерген, актрисаның жоғалғаны туралы ақпаратты тыңдап, қазір сөйлесуге қолайсыз екенін айтып, содан кейін нөмірді бұғаттап тастаған. Содан кейін туыстары полицияға арыз беруге мәжбүр болды", - деп жазады басылым.
"Мәскеудің Богородское ауданында 81 жастағы әйел жоғалып кетті, ол - актриса Светлана Светличная", - деді агенттікте.
ІІМ Бас басқармасының баспасөз қызметі аты-жөнін атамай, сол жылы туған әрі сол ауданнан әйелдің жоғалып кеткені туралы ақпаратты растады. Оның айтуынша, бұл дерек бойынша тексеру басталып, әйел іздестіріліп жатыр.
Сонымен қатар, актрисаның досы, актер Иван Николаев Светлана Светличнаяның жоғалып кетпегенін, бірақ туыстарына жақын жерге көшкенін, бұл туралы БАҚ-та айтқысы келмейтінін айтты.
"Светлана ешқайда кеткен жоқ, ол туыстарына жақын жерге көшті. Татуласып, қазір 5 минуттық жерде тұрады. Бұл туралы баспасөзде жариялағысы келмейді, өйткені оның жасы үлкейді", - деді актер.
Светлана Светличная "Бриллиантовая рука", "Семнадцать мгновений весны" және басқа да фильмдердегі рөлдерімен танымал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!