Мәскеуде "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмінің көрсетілімі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмінің көрсетілімі өтті © ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Мәскеуде 2016 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы режиссер Сергей Снежкиннің "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде 2016 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы режиссер Сергей Снежкиннің "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тажин, РФ Мәдениет министрі Владимир Мединский, сонымен қатар екі мемлекеттің көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Айта кетейік, Елбасының өмірі мен қызметі туралы фильмнің көрсетілімін Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі ұйымдастырды.

Фильм сюжеті бойынша Қазақстан Президенті оның өмірбаянын жазу үшін келген ағылшын жазушысы Джереми Вильсонмен кездеседі. Алайда жоспарланған сұхбат журналист пен Елбасымыздың Қазақстан бойынша ұзақ сапарына айналып кетеді. Вильсон қазақ елін аралап қана қоймай, 1950, 86, 89, 91 жылдардағы оқиғалар туралы хабардар болады. Ел картасындағы кез келген жер Президентіміздің өмірінде ерекше орын алады.  

Айта кетейік, фильмдегі басты рольді, яғни Елбасы ролін танымал қазақстандық актер Берік Айтжанов сомдады. Сонымен қатар фильмнің түсіріліміне Алексей Гуськов, Игорь Угольников, Дарья Мороз, Хью Фрейзер, Сергей Гармаш, Қарлығаш Мұхамеджанова және өзге актерлар қатысты.

Еске сала кетейік, "Жұлдыздар тоғысқанда" биографиялық драмасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Елбасы жолы" кинодәуірнамасының жалғасы болып табылады. Фильмнің Қазақстандағы тұсаукесері үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде өтсе, Ресейде алғаш рет ол Мәскеу қаласының Кино Үйінде 16 мамырда көрсетілді.

Фильм көрсетілімі аясында В. Михайлов пен Т. Мансұровтың "Нұрсұлтан Назарбаев" кітабының тұсауы кесіліп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі 2017-2019 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети