"Махаббат қайғылы болуы мүмкін" - Баян Алагөзова жаңа фильмнің түсірілімі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Махаббат қайғылы болуы мүмкін" - Баян Алагөзова жаңа фильмнің түсірілімі жайлы © Instagram.com/bayanmaxatkyzy

Қазақстандық белгілі продюсер Баян Алагөзова Tengrinews.kz тілшісіне жаңа "Махаббат станциясы" фильмінің түсірілімі жайлы айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық белгілі продюсер Баян Алагөзова Tengrinews.kz тілшісіне жаңа "Махаббат станциясы" фильмінің түсірілімі жайлы айтып берді.

"Фильм махаббат жайлы, махаббат трагедиясы жайлы. Мен басты рөлдердің бірінде боламын. Басты рөлде бізде Әйгерім Мақсұтова мен Асқар Ілиясов. Заманауи оқиға. Түсірілім жұмыстары Алматы облысында және Сарыөзекте жүргізіліп жатыр. Жеті күнде аяқтап қаламыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл жалпы таза мелодрама, махабаттың қайғылы болатыны жайлы. Бірақ уайымдамаңыздар, фильмде ешкім өлмейді", - деді Баян Алагөзова.

Сондай-ақ, продюсер "Махаббат станциясының" толықметражды картина екенін айтады. Айтуынша, сценарийді Сергей Литовченко жазған, ал оператор Ернұр Рыспай, қоюшы режиссері Ернар Нұрғалиев.

Мұнымен қоса, Баян Алагөзова бүгінде Қазақстанда махаббат жайлы фильмдердің аз түсіріліп жатқанын айтып өтті.

"Бізде махаббат жайлы фильмдер жоқ. Ондай фильмдерді түсіруді қойдық, тек комедиялар түсіріліп жатыр. Сол жанрда фильм түсіруді шештік. Бұл менің түсіріп отырған бесінші фильмім. (...), - деді продюсер.

Сондай-ақ, Баян Алагөзова күйеуінің бұл картинаға түспейтінін айтып өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети