Мен мүгедектер арбасына таңылуым мүмкін еді - Саят Исембаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мен мүгедектер арбасына таңылуым мүмкін еді - Саят Исембаев TengrinewsTV кадры

"Рэкетир" криминалдық драмасының актері Саят Исембаев фильмнің екінші бөлімінің түсірілім барысы туралы TengrinewsTV арнасына берген сұхбатында айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Рэкетир" криминалдық драмасының актері Саят Исембаев фильмнің екінші бөлімінің түсірілім барысы туралы TengrinewsTV арнасына берген сұхбатында айтып берді.

Оның айтуынша, бірінші бөлімнің соңында алған жарақатына байланысты ол екінші бөлімде мүгедектер арбасына таңылуы мүмкін еді. "Режиссермен келісіп, Саянды сау адам қылып көрсетуді ұйғардық. Себебі, көрермендер фильмнен мүгедек Саянды емес, дені сау адамды көргісі келеді деп ойладық", - деді ол.

Исембаевтің айтуынша, 8 жыл өткеннен кейін Саян фильмге сабырлы болып оралады. Қылмыс әлемінен қол үзген ол отбасылық өмірге көп көңіл бөледі. Дегенмен, күндердің бірінде Саянға қаза тапқан Русланның інісі келіп, өзімен бірге болуын сұрағанда ол қылмыс әлеміне қайта оралуға мәжбүр болады. Сонымен қатар,  актердің айтуынша, бірінші бөлімге қарағанда ол екіншісінде аз төбелескен. 

Айта кетейік, ''Рэкетир-2" фильмі еліміздің кинотеатрларында 28 мамырдан бастап көрсетіледі.
 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети