13 қазан 2016 | 23:53

Мешітте малдас құрып отырған Морган Фримен қолданушыларды таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Морган Фримен мешітте малдас құрып отыр Морган Фримен мешітте малдас құрып отыр

Голливудтың атақты актері Морган Фримен Ашура күнінде Лондондағы мешітке бас сұқты. Әртістің мұсылмандардың арасында мешітте малдас құрып отырғаны бейнеленген сурет Twitter желісінде пайда болды. 


Иконка комментария блок соц сети

Голливудтың атақты актері Морган Фримен Ашура күнінде Лондондағы мешітке бас сұқты. Әртістің мұсылмандардың арасында мешітте малдас құрып отырғаны бейнеленген сурет Twitter желісінде пайда болды. 

Екі мәрте Құдайдың рөлінде ойнаған Фримен "Әл-Кои" мұсылмандар қорына қарасты мешітке барған. Оқиға 12 қазанда таңғы уақытта болыпты. Бұл Мүхаррам айының 10-шы күні.

Суреттер әлеуметтік желілерде, кейін көптеген БАҚ беттерінде жарияланды. Қолданушылар актердің мұсылмандардың жиынына қатысқанына таңданыс білдіріп жатты. Біреулер Фримен осылайша мұсылман дәстүріне құрмет көрсетті десе, кейбіреулері тіпті актер ислам дінін қабылдады деп те тұжырым жасап жатты. 


© Twitter/Mohamed Muraj

Алайда, ұлыбританиялық БАҚ-тардың мәліметінше, "Оскар" сыйлығының 79 жастағы лауреаты мешітке National Geographic телеарнасында басталған "Құдайдың тарихы" атты көпсериялы деректі фильмінің жұмысының аясында бас сұққан.

Мұсылмандар Лондонда Ашура күнін атап өтіп жатыр. © Twitter/Mohamed Muraj

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети