Министр "Қазақфильмнің" сатылымға қойылғаны жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр "Қазақфильмнің" сатылымға қойылғаны жайлы пікір білдірді © kazakhfilm.kazakh.ru

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Қазақфильмнің" жекешелендірілуі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Қазақфильмнің" жекешелендірілуі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен Қуаныш Сұлтанұлына үлкен алғысымды білдіремін. Шынында да, бұл өте өзекті мәселе, себебі бізде "Қазақфильмнің" мемлекет қарамағында қалғанын қалаймыз. Сатылымға тек 49 пайызы қойылды, ал 51 пайыз мемлекет меншігінде қала береді. Соның өзінде де біз киностудияның мемлекет меншігінде қалғанын қалаймыз", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Министрдің айтуынша, киностудия осыдан 4-5 жыл бұрын жекешелендірілуі тиіс нысандар қатарына енгізілген. Алайда оны сатып алуға ынтызар боғлан адамдар табылмаған. 

"Осыншама жылдар бойы сатып алушылар қызықпаған болса, мен тек олардың болмағанын қолдаймын", - деді министр. 

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты "Қазақфильм" киностудиясын жекешелендіру тізіміне қоспауды сұраған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети