Facebook желісінде Mortal Combat фильмінің африкалық нұсқасы қолданушыларды таңғалдырды. Екі күн ішінде видео 120 мың рет қаралып, екі мың "лайк" жинаған. Сонымен қатар, видеоға үш мыңнан аса пікір қалдырылған.

Пікір қалдырушылар түсірілім мен операторлық шеберлікке тәнті болып, арнайы эффектілерге таңданыс білдірген. Алайда кейбіреулер видеоны түсіргендерде авторлық құқықты бұзғаны үшін мәселе туындауы мүмкін екенін жазған.
Айта кетейік, фильмді ганалық Kumawood киностудиясы түсірген. Барлық актерлер жергілікті чви тілінде сөйлейді. Ремейк сюжеті 1995 жылы шыққан атақты голливуд картинасының желісімен түсірілген.