02 желтоқсан 2016 | 17:32

Мұхамедиұлы кино туралы жаңа заңның егжей-тегжейін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыстанбек Мұхамедиұлы "Жулдыз FM" эфирінде Арыстанбек Мұхамедиұлы "Жулдыз FM" эфирінде

"Кино туралы" жаңа заңда қазақстандық кинематографты дамыту нормалары көрсетіледі. Бұл туралы "Жулдыз FM" радиошоуында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, отандық фильмдерді прокатқа шығару мәселелері заңнамалық деңгейде реттеледі.


Иконка комментария блок соц сети

"Кино туралы" жаңа заңда қазақстандық кинематографты дамыту нормалары көрсетіледі. Бұл туралы "Жулдыз FM" радиошоуында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, отандық фильмдерді прокатқа шығару мәселелері заңнамалық деңгейде реттеледі.

"Қазір қазақстандық прокатта жүрген фильмдердің 60-70 пайызы америкалық және ресейлік фильмдер. Отандық кино таңғысын - сағат 7-де, асып кетсе сағат 10-да көрсетіледі. Біздің фильмдер кешкі прайм-таймда өте сирек көрсетіледі. Біз өз картиналарымызды басқа уақытта неге көрсете алмаймыз? Бұл нормаларды заңнамалық деңгейде реттеп, өзіміздің кинематорграфты дамытуымыз керек. Осы жағдайда ғана қазақстандық кино жоғары, халықаралық деңгейге көтеріледі", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, мемелекет қаржысына түсірілген фильмдерді жасаушылар жұмсалған қаржы үшін есеп беруге міндеттеледі.

"Жаңа заңда картинаның сапасы мен жұмсалған қаржы үшін жауапкершілік енгізіледі. Өкінішке қарай, қазір халықаралық прокатқа шыққан қазақстандық картина жоқ және бұл үшін ешкім жауапты емес. Бізде талантты режиссерлер көп - Сатыбалды Нарымбетов, Ақан Сатаев, Ермек Тұрсынов және Рүстем Әбдірәшев - олардың міндеті жақсы кино түсіру. Сонымен бірге, осы картиналарды ілгері жылжыту үшін жауапты адамдарды анықтап алуымыз керек. Заңда бәрі көрсетіледі - режиссерлердің жауапкершілігі, продюсерлердің жауапкершілігі", - дейді министр.

Министрдің сөзінше, қазіргі кезде мемлекет фильді 100 пайызға қаржыландыра алады. Алайда, "Кино туралы" заң қабылданғаннан кейін, қазақстандық кино авторлары бюджеттік қаржының 10-нан 70 пайызына дейін ғана ала алатын болады. Қалған қаржыны кинематографистер өздері тартуы керек болады. 

Еске салайық, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Жұлдыз FM" радиосының "Таңғы шоу" эфирінде қонақ болды. Мұның алдында министр өзі қызығатын істері туралы айтып, The Beatles тобының әнін орындап бергенін жазғанбыз. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети