"Мәңгілік аспан астында" фильмі халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мәңгілік аспан астында" фильмі халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бақыт Қайырбеков түсірген бұл фильм "Білім әлемі" (The World of Knowledge) Х Ғылыми-көпшілік және ағартушылық фильмдер кинофестивалінің "Үздік сценарий" номинациясын жеңіп алды.
Айта кетейік, "Мәңгілік аспан астында" фильмі 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы шеңберінде түсірілген болатын. Сценарийдің негізі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тарих толқынында" кітабы алынған. Фильм Қазақ хандығының құрылуына арналған. Әрқайсысы 26 минутқа созылған 10 бөлімнен тұрады. Бөлімдердің әрқайсысы қазақ халқы тарихының белгілі бір кезеңі туралы баяндайды. Сериалдың әр фильмі дербес туынды бола тұра, көшпелі халықтардың дүниетанымы, олардың "мәдениеттер байланысы" ретіндегі ұлы мақсаты және әлемдік өркениеттер, көне кезеңнен бастап бүгінге дейінгі олардың жаңалықтары және бүкіл өркениетті әлемнің жетістігіне айналған табыстары туралы негізгі идеяны насихаттайды. Фильм Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси ролін толыққанды ашады.