Назарбаев кино туралы заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев кино туралы заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кинематография саласында құқықтық негіздемелерді белгілеуге бағытталған "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы заңнаманы "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Шектеулі прокат фильмдерден бөлек, прокат және көрсетілімдер қазақ тілінде жүргізілмейтін фильмдер аударылуы тиіс немесе субтитр арқылы көрсетілуі керек, не болмаса кадр сыртында қазақ тіліне аударылып, дыбысталуы қажет.

Ұлттық фильмдердің прокаты қазақ тілінде жүргізілуі тиіс, қажет болған жағдайда басқа да тілдерге аударылуы қажет.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети