Назарбаев жазған кітаптың мотиві бойынша түсірілген фильм халықаралық кинофестивальде жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев жазған кітаптың мотиві бойынша түсірілген фильм халықаралық кинофестивальде жеңді © Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

"Мәңгілік аспан астында" фильмі халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мәңгілік аспан астында" фильмі халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақыт Қайырбеков түсірген бұл фильм "Білім әлемі" (The World of Knowledge) Х Ғылыми-көпшілік және ағартушылық фильмдер кинофестивалінің "Үздік сценарий" номинациясын жеңіп алды.

Айта кетейік, "Мәңгілік аспан астында" фильмі 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы шеңберінде түсірілген болатын. Сценарийдің негізі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тарих толқынында" кітабы алынған. Фильм Қазақ хандығының құрылуына арналған. Әрқайсысы 26 минутқа созылған 10 бөлімнен тұрады. Бөлімдердің әрқайсысы қазақ халқы тарихының белгілі бір кезеңі туралы баяндайды. Сериалдың әр фильмі дербес туынды бола тұра, көшпелі халықтардың дүниетанымы, олардың "мәдениеттер байланысы" ретіндегі ұлы мақсаты және әлемдік өркениеттер, көне кезеңнен бастап бүгінге дейінгі олардың жаңалықтары және бүкіл өркениетті әлемнің жетістігіне айналған табыстары туралы негізгі идеяны насихаттайды. Фильм Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси ролін толыққанды ашады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети