"Неге алмасқа?" - Тәуекел Мүсілім тоқал туралы ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Неге алмасқа?" - Тәуекел Мүсілім тоқал туралы ойын айтты Тәуекел Мүсілім

Қазақстан кинематографиясында ең сымбатты актер Тәуекел Мүсілім қашан отбасы құратынын және болашаққа қандай жоспар құрып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz. Актердің айтуынша, ол әкесіз өскен, сондықтан әкенің берер тәрбиесінің маңызы қандай екенін біледі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан кинематографиясында ең сымбатты актер Тәуекел Мүсілім қашан отбасы құратынын және болашаққа қандай жоспар құрып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz. Актердің айтуынша, ол әкесіз өскен, сондықтан әкенің берер тәрбиесінің маңызы қандай екенін біледі. 

"Әкесіз өскен адам ретінде, үйленер алдында 10 рет ойланамын. Ал егер үйленсем, ажыраспау үшін отбасы құрамын", - деді Мүсілім.

Актердің айтуынша, танымал болғандықтан қыз таңдау оңай іс емес екен.

"Қыздың саған деген көңілі шын ба, жоқ па - түсіне бермейсің. Кейбір қыздардың қарым-қатынасты ойнап жасайтынын, өздерінің жалған сезімін білдіріп тұрғанын сезбейтінін көп байқаймын. Осындай кездесулерден кейін мені олардың шоу-бизнестен тыс қаншалықты бағалайтынын білу оңай емес. Үйленсем, бәрі де орнымен болғанын қалаймын, мен асығыс емеспін", - дейді актер.

Ал тоқал алуға қатысты сұраққа Тәуекел өмірде бәрі де болуы мүмкін екенін айтты. 

"Өзің дайын болсаң, бастысы бірнеше әйеліңді асырай алсаң, неге алмасқа? Онсыз да азбыз: бар болғаны 17 миллион. Демографияны көтеру қажет. Алайда қазір сөз жүзінде емес, іс жүзінде мықты жігіттер көп емес. (...) Бірінші әйеліңмен шешіп алуың қажет. Содан кейін ғана екінші әйеліңмен келісе алғаныңа байланысты (күледі). Бір жағынан, ғашық болып қалсам, оны ешкімге де айырбастамас едім. Басқасын іздеудің қажеті де болмай қалады. Қайталап айтайын, өмірде бәрі де болуы мүмкін", - дейді Тәуекел Мүсілім.

Ал болашаққа құрып отырған жоспары жайлы айта келе, Тәуекел біршама уақыт АҚШ-та тұрып көргісі келетін жасырмады. 

"Мұнда өз орнымды тауып, жағдайымды жасадым. Адамдар мен жайлы әңгімелеседі, жобаларым жетістікке жетіп жатыр. Отандық нарықта жетістікке жетсең, бұдан кейін дамуға шабыт болмай қалады. Мен 28-демін, үйленбегенмін, мұнда мені ештеңе де ұстап тұрған жоқ. Сондықтан АҚШ-қа барып, актерлік білім алып, өмірге жаңа көзқараспен қарап көргім келеді", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети