Әртіс Николай Караченцов жұмада таңғы уақытта Мәскеуде жүрегі тоқтап қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Әртіс Николай Караченцов жұмада таңғы уақытта Мәскеуде жүрегі тоқтап қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Николай Караченцовтың қайтыс болғаны туралы мәліметті оның ұлы растады. "Таңертең, тоғызға он минут қалғанда, жүрегі тоқтап қалды", - деді Андрей Караченцов.
27 қазанда әртіс 74-ке толуы керек еді. Николай Караченцов соңғы күндері ауыр халде болған. Ол Красногорск қаласындағы онкологиялық ауруханада ем қабылдап жүргені белгілі болды.
2017 жылы қарашада актердің жары оның өкпесінен обыр табылғанын хабарлаған еді. Тексеріс барысында оның қатерлі ісік екені анықталған. Караченцов емделу шараларын желтоқсанда бастады.
Ол 2005 жылы ақпанда Мәскеуде жол-көлік оқиғасынан зардап шегіп, қайта қалпына келе алмай "Ленком" театрындағы әртістік мансабын жалғастыра алмады.
Караченцов 1944 жылы 17 қазанда Мәскеуде дүниеге келген. Кеңес одағының және ресейлік театр және кино актері. Ол әртүрлі жанрдағы фильмдерге түсті - музыкалық, балалар фильмы, драмалық. Шамамен кино саласында 100-ден аса рөлде ойнады.