31 наурыз 2014 10:56

"Ной" АҚШ кинопрокатының көшін бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ной" фильмінен кадр "Ной" фильмінен кадр

Даррен Ароновскийдің "Ной" фильмі АҚШ кинопрокатынының көшін бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Boxoffice сайтына сілтеме жасай отырып. Басты рөлде Рассел Кроу ойнаған картина премьералық демалыста 44 миллион доллар пайда түсірді.

Кинопрокат рейтингісінің екінші орнында өткен аптаның көшбасшысы - фантастикалық боевик "Дивергент" фильмі. Вероника Роттың "Избранная" романының желісімен түсірілген бұл фильм өткен демалыс күндері 26,5 миллион доллар жинаған болатын. 

Солтүстікамерикалық кинопрокатта үшінші орынды комедиялық мюзикл "Маппеты 2" иеленді, бұл картина бір аптада 11,4 миллион доллар пайда түсірген еді. 

Төртінші орында "Мистер Пибоди мен Шерманның оқиғалары" атты мультфильм, оның демалыс күндеріндегі пайдасы 9,5 миллион доллар. Кассалық фильмдердің бестігін "Құдай өлген жоқ" драмасы аяқтайды. Прокатқа 21 наурызда шыққан картина демалыста  9,07 миллион доллар қаржы түсірген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети