03 мамыр 2017 16:06

Нұрлан Сабуров қазақстандық комедияға түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Сабуров Нұрлан Сабуров

Ресейлік StandUp шоуының резиденті Нұрлан Сабуров қазақстандық комедияға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әзілкеш Құралай Анарбекованың "Брат или брак?" атты жобасына қатысады. 


Ресейлік StandUp шоуының резиденті Нұрлан Сабуров қазақстандық комедияға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әзілкеш Құралай Анарбекованың "Брат или брак?" атты жобасына қатысады. 

Еске салайық, қазақстандық актриса Құралай Анарбекова Әлішер Утевпен бірге жаңа комедияның продюсерлері болып келеді. Фильм ағаларының қорғаштай беруінен тұрмыс құра алмай жүрген Гауһар есімді қыз туралы. Картина желісі бойынша бір жігіт қана Гауһарға лайықты екенін дәлелдеуге батылы жетеді. 

"Киноға үнемі түскім келетін және маған ең жақын жанр - комедия. Мені көптеген комедияға шақырды, алайда, осы фильм ұнап отыр. Неге Қазақстанда дейсіздер ме? Мен осы жерден кәсіби жолымды бастадым, отаныма деген тағзым десе де болады!", - дейді Нұрлан Сабуров. 

Нұрлан Сабуров ТНТ арнасындағы шоуға "Открытый микрофон" айдары арқылы келген болатын. Нұрлан Сабуров - Қазақстан азаматы, Екатеринбургте "Жастармен жұмысты ұйымдастыру" мамандығы бойынша білім алған. Оқушы кезінен Степногорск қаласының Көңілді тапқыштар клубында ойнаған. 

Құралай Анарбекова Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың бала" фильміндегі Қорлан рөлі арқылы белгілі болған. С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтында білім алған. 2014 жылдан бастап Corich Production басшысы. 2006 жылы "Ақтөбе аруы" атанған болатын. 

"Брат или брак?" түсірілімі 2017 жылы басталады, режиссері Ернар Нұрғалиев. Сценариін Әлішер Утев пен Әділбек Сейілхан жазған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети