Режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбаев Тимур Бекмәмбетовтің қазақстандық фильмдерге билеттердің бағасын арзандату туралы ұсынысына қарсылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұртас Адамбаев Қазақстандағы кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту концепциясы жобаларын талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
Режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбаев Тимур Бекмәмбетовтің қазақстандық фильмдерге билеттердің бағасын арзандату туралы ұсынысына қарсылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұртас Адамбаев Қазақстандағы кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту концепциясы жобаларын талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
Бекмәмбетов қазақстандық киноларға америкалық кинолармен бәсекелесу қиын екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, егер де билет бағасы арзандайтын болса, халық та киноға жиірек барады.
Ал Адамбаевтың айтуынша, қазақстандықтар сапалы әрі жақсы фильм үшін ақша төлеуге дайын. "Қазақстандықтар отандық киноларды сүйіп көреді. Біз батыс елдерінің және ресейлік фильмдерді көріп болдық. Қазақстандық фильмдерге билеттердің бағасын арзандатудың орнына басқа да әрекеттерді неге жасамасқа? Бюджеттегі қаражатты отандық фильмдерді түсіруге жұмсау керек шығар. Жеке студияларға көмек көрсету керек шығар?", - деді Адамбаев.
"Тимур отандық фильмдердің билеттерінің бағасы қанша тұру керек екенін айту үшін өзі қанша қазақстандық фильм түсірді екен? Неге ол мұндай ұсынысты ресейліктерге айтпайды. Қазақстандық киноларға билеттердің бағасын арзандатып, біз өзіміздің намысымызға тиеміз. Осылайша біз барша жұртқа өзіміздің отандық өнімнің арзан екенін көрсетеміз. Бекмәмбетов кино режиссері ретінде көрерменге қызық болатындай фильм түсіруге қаражат жұмсаудың қаншалықты маңызды екенін түсінуі керек. Адамдар 100-200 теңгесін үнемдеп, сапасы онша емес киноға барады деп ойламаймын. Жақсы фильм болып жатса, халық барады. Жаман болса, бармайды. Абонементтер туралы айтатын болсам, ол бір қиын кезеңдерді елестетеді", - деді Адамбаев.
Айта кетейік, осыған дейін Бекмәмбетов отандық киноларға билеттің бағасын арзандатуды ұсынған болатын."Қазіргі кезде кинотеатрлардағы билеттердің бағасы басты мәселе болып отыр. Меніңше, билеттің бағасы киноға салынған инвестицияға сәйкес болуы тиіс. Қазір киноға ақшасы бар адамдар барады. Себебі 920 теңге тұратын билет кейбір отбасыларға қымбатқа түсуі мүмкін", - деді Тимур Бекмәмбетов.