15 қараша 2018 09:41

Нұртас Адамбайдың фильмі Лос-Анджелестегі кинофестивальде үш жүлде иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook © facebook

Қазақстандық режиссер Нұртас Адамбайдың "Лифт" фильмі Лос-Анджелестегі халықаралық Genrecelebration 2018 фестивалінде үш жүлдеге ие болды. Бұл туралы картина авторы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ура! Сүйінші! "Үздік драмалық фильм", "Үздік режиссура" және "Үздік операторлық жұмыс". Сондай-ақ, біз үздік монтаж үшін де жүлде алуымыз мүмкін. Дәл осыдан екі жыл бұрын осы фестивальде "Тараз" фильмі де жүлделі болған еді", - деп жазды Адамбай.

Режиссер осы фильмді түсіруге атсалысқандардың барлығын құттықтады.

"Лифт". © facebook

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети