17 тамыз 2015 09:05

Нью-Йоркте Морган Фрименнің немересі пышақталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Heavy.com © Heavy.com

Нью-Йоркте Голливуд актері Морган Фрименнің немересі пышақталды, - деп хабарлайды The New York Post  полициядағы дереккөзге сілтеме жасап.


Нью-Йоркте Голливуд актері Морган Фрименнің немересі пышақталды, - деп хабарлайды The New York Post  полициядағы дереккөзге сілтеме жасап.

Оқиға 16 тамызда түнгі уақытта болған. Дереккөздің мәліметінше, белгісіз біреу 33 жастағы Идина Хайнсқа бірнеше рет пышақ салған. Ол ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оны құтқара алмады. 

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Морган Фрименнің немересінің бұрынғы бойфрендін ұстады, ол марқұмның қасында тұрыпты. Ер адам ұсталып, сот-психиатрлық сараптама үшін ауруханаға жеткізілді.

Идина Хайнс Морган Фрименнің бірінші әйелі Жаннеттің немересі. Бірнеше жыл бұрын ақпарат құралдары актер мен немересінің неке қидыратыны жайлы жазған болатын. Алайда Морган Фримен бұл мәліметті жоққа шығарған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети