19 ақпан 2019 17:40

"Өмірлік мәні жоқ фильмдерді көрсетуді доғару керек" - Мұхамедиұлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық фильмдердің түсірілімі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық фильмдердің түсірілімі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз тек тарихи фильмдер ғана емес, біздің қоғамға пайдасын тигізер дүниелерді түсіреміз. Таяуда ғана "Қыз бен Теңіз" фильмінің тұсау кесері өтті. Бұл ерекше фильм. Басты рөлдерді кәсіби емес мүмкіндігі шектеулі актерлер ойнады. Өте әсерлі фильм. Бізге не қажет? Біз халықтың ар намысын асқақтатып, рухты көтеретін фильмдер түсіреміз.

Бізге тарихи фильмдер, әлеуметтік фильмдер, толықметражды анимациялық фильмдер көрсету керек. Өмірлік мәні жоқ фильмдерді көрсетуді доғару керек, онда фильмнің не туралы екенін де түсінбейсің. Виртуалды махаббат, истерикалық махаббат, қандай да бір махаббат. Не махаббат жоқ, не тарих жоқ, ештеңе жоқ", - деді министр министрліктің кеңейтілген отырысында. 

Мұхамедиұлы кино туралы жаңа заңның егжей-тегжейін айтып берді

Айта кетейік, 2019 жылы қаңтардан бастап, прокат және көрсетілімдер қазақ тілінде жүргізілмейтін фильмдер аударылуы тиіс немесе субтитр арқылы көрсетілуі керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети