Оңтүстік Корея актері Ли Мин Хо Қазақстанға келуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Корея актері Ли Мин Хо Қазақстанға келуі мүмкін Ли Мин Хо. ©wallpapers.99px.ru

Қазақстанға Оңтүстік Кореяның әлемге танылған актері Ли Мин Хо келуі мүмкін. Ал одан бұрын үндінің "Келін" сериалы арқылы танымал актер Сидхарт Шукла да жергілікті көрерменімен қауышпақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпарат "Қазақстан" телеарнасындағы "Түнгі студия" бағдарламасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

"Ли Мин Хоның фанаттары, жанкүйерлері! Үнді актері "Шивтің" келе жатқаны Ли Мин Хоны шақырмайды деген сөз емес! Дәл қазір Кореямен келіссөздер жүргізіліп жатыр...", - делінген әлеуметтік желідегі парақшада.

Ли Мин Хо - актер, модель әрі әнші. Ол "Жидектерден кейінгі гүлдер" (2009), "Қала аңшысы" (2011) және "Мұрагерлер" (2013) сияқты дорамаларға (телесериал) түскеннен кейін танымал болды.

КВН ойыншысы Нұрлан Қоянбаев жүргізетін шоуға корей актерінен бұрын үндінің "Келін" сериалының жұлдызы, Шив ролінде ойнайтын Сидхарт Шукланың келетіні белгілі болды. Бұл туралы Қоянбаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында "Түнгі Студияда" - жуырда үнді киносының жарқын жұлдызы, "Келін" сериалында басты рөлдердің бірі Шивтің рөлін сомдаған актер - Сидхарт Шукла!", - деп жазды. 

©iplay.kaztrk.kz

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар сүйіп көретін телесериалдың негізгі жұлдызы - Ананди ролінде ойнаған Авика Гор келіп кеткен еді. Актриса отандық бірнеше бағдарламаның түсіріліміне қатысып, көрермендерінің ыстық ықыласына бөленді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети