29 наурыз 2022 | 14:08

Оскар-2022: Голливуд жұлдыздары қызыл кілемге не киіп шықты?

Камила Долаева Журналист
Фотолар: Getty Images

28 наурызға қараған түні Лос-Анджелесте АҚШ киноакадемиясының "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Биыл шара 94-рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүр бойынша алтын мүсіншелер Hollywood бульварындағы "Долби" театрында табысталды. Tengrinews.kz тілшісі марапаттау рәсіміне келген Голливуд жұлдыздары көрермендерді бұл жолы қандай сәнді киімімен таңғалдырғанын анықтап көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

28 наурызға қараған түні Лос-Анджелесте АҚШ киноакадемиясының "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Биыл шара 94-рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүр бойынша алтын мүсіншелер Hollywood бульварындағы "Долби" театрында табысталды. Tengrinews.kz тілшісі марапаттау рәсіміне келген Голливуд жұлдыздары көрермендерді бұл жолы қандай сәнді киімімен таңғалдырғанын анықтап көрді.

Кейбір жұлдыздар Украинаны қолдау үшін киімдеріне көк-сары лента тағып келді

Айта кетейік, "Оскар-2022" қорытындысы бойынша "CODA: Ребенок глухих родителей" фильмі үздік атанды. Кинотуынды несімен ерекшеленгенін мына сілтемеден оқи аласыз. 

Реклама
Реклама

Көптеген сән басылымы Зендеяның биылғы образына жақсы баға беріп жатыр. Ол атластан тігілген микро жейде мен күміс түстес жылтырақтармен көмкерілген ұзын сүйретілген белдемше киіп келді. Актриса обрасын жинақы шаш үлгісі мен гауһар тастардан жасалған білезік, сырғамен толықтырған.

"Король Ричард" фильміндегі ролі үшін үздік актер атанған Уилл Смит пен жары Джада Пинкетт-Смит те қызыл кілеммен жүріп өтті.

Қызыл кілемге алғашқылардың бірі болып актриса Джейми Ли Кертис шықты. Ол Stella McCartney көйлегін киіп келді. Ал сақина орнына бейбітшілік символы ретінде көк лента байлады.

Жаңа "Бэтмендегі" әйел мысық ролін ойнаған Зои Кравиц бұл жолы нәзік қызғылт түсті органзадан тігілген Saint Laurent көйлегін таңдады. Сарапшылар бұл көйлек актрисаның денебітімі мен көркін ашып тұрғанын айтып жатыр. 

Джессика Частейн биыл "Жылдың үздік актрисасы" атағы үшін күрескен еді. Жұлдыз мүсінше алмаса да, мына Gucci тіккен көйлекпен тарихта қалары сөсөзсіз.

Николь Кидманды кештің патшайымы дерсіз. Актрисаның қызыл кілемдегі образы көздің жауын алады. Ол іс-шараға сұр-көк түсті Armani Privé көйлегін таңдады.

Ал Люпита Нионго Prada көйлегінде жарқырап жүрді. 

Биыл жұлдызды жұп Пенелопа Крус пен Хавьер Бардем "Оскарға" үміткер болды. Қызыл кілемде екеуі үйлесімді көрінді. Актриса Chanel көйлегін киіп келді. 

 Тағы бір жұлдызды жұп - Кортни Кардашьян және Трэвис Баркер.

Сәтсіз образдардың бірі - Билли Айлиште болды. Сәнгерлер қара үлкен көйлек әншіге бірнеше жас қосқанын айтып жатыр. 

Актриса Кристен Стюарт Chanel костюмі мен қысқа шалбар киіп келді. 

София Карсон да қара көйрек таңдаған.

Фотолар: Getty Images

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная