28 наурыз 2022 | 14:35

Актерлері шынайы өмірде де керең-мылқау адамдар. "Оскар" алған фильм не туралы?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: film.ru Сурет: film.ru

АҚШ киноакадемиясының Лос-Анджелесте өткен 94-ші "Оскар" сыйлығында "CODA: Ребенок глухих родителей" драмасы үздік фильм атанды. Оған қоса, көркем туынды үздік бейімделген сценарий және үздік екінші актер номинациясында жеңіп шықты. Кинокартинаның ерекшелігі қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


АҚШ киноакадемиясының Лос-Анджелесте өткен 94-ші "Оскар" сыйлығында "CODA: Ребенок глухих родителей" драмасы үздік фильм атанды. Оған қоса, көркем туынды үздік бейімделген сценарий және үздік екінші актер номинациясында жеңіп шықты. Кинокартинаның ерекшелігі қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

"CODA: Ребенок глухих родителей" (CODA: Child of Deaf Adults) фильмі туралы

"CODA: Ребенок глухих родителей" (CODA: Child of Deaf Adults) - саңыраулар отбасында өмір сүретін қыз туралы америкалық драмалық фильм. Бұған дейін де ол "Оскар-2022" басты фавориттерінің бірі болған еді. Осы уақытқа дейін көркем туынды Режиссерлер гильдиясының сыйлығы, BAFTA және "Алтын глобус" сияқты беделді сыйлықтарға ие болған.

Картина режиссері - Шан Хейдер. Фильм былтыр тамызда кинотеатрларда көрсетіле бастаған. Ұзақтығы - 1 сағат 51 минут. Сюжет 16 жастан жоғары көрермендерге арналған. Фильмде Эмилия Джонс, Трой Коцур, Марли Мэтлин, Эухенио Дербес, Кевин Чэпмен, Джон Фиоре, Лонни Фармер секілді актерлер өнер көрсеткен.

Картинаның ерекшелігі қандай?

Ақпараттар бойынша, CODA (Children of Deaf Adults) аббревиатурасы "саңырау ересектердің баласы" дегенді білдіреді. "Кода" деген музыкалық термин де бар. Фильм 2014 жылғы франко-бельгиялық "Семейство Белье" кинокартинасының желісінде түсірілген. 

Фильмдегі оқиға Массачусетс штатының Глостер қаласында өрбиді. Мұнда саңыраулар отбасы балық аулаумен айналысады. Отбасында жалғыз еститін қыз - 17 жастағы Руби. Ол саңырау ата-анасы мен ағасына балық аулауға көмектеседі. Ол мектептегі жергілікті хорға қосылады, онда ән айтуды жақсы көретінін түсінеді. Хор жетекшісі оны музыка мектебіне түсуге кеңес береді, алайда қыз отбасы мен жаңа арманның арасында таңдау жасауға мәжбүр.

Картинада әке ролін ойнаған мылқау актер Трой Коцур үздік екінші ролі үшін "Оскар" алды.

Фильмдегі актерлер - шынайы өмірде де керең-мылқау адамдар. Бұл оның басты ерекшелігі десе де болады. Сол үшін Рубиді ойнаған Эмилия Джонс тоғыз ай бойы америкалық ыммен сөйлеу тілін үйренген. Ол сұхбаттарында фильмде ата-анасы мен ағасын ойнаған Марли Мэтлин, Трой Коцур және Даниэль Дуранмен жақсы қарым-қатынас орната алмай қаламын ба деп уайымдағанын айтады. 

Фильм режиссері Шан Хейдер де ыммен сөйлеу тілін үйренген, себебі фильмнің жартысы солай түсірілген. Бұл оған айналасын түсініп, актерлермен жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектескен. Алаңда аудармашылар болса да, режиссер әртістермен тікелей сөйлескісі келген.

Сонымен қатар, фильмде теңіздегі шынайы балық аулау оқиғасы түсірілгендіктен, актерлер мен экипаж жергілікті балық аулау ережелерін сақтауға мәжбүр болған. Тіпті бір түсірілім барысында инспектор-бақылаушыны ертуге мәжбүр болған екен. Сондай-ақ, олар түсірілім тобының бір мүшесін алып тастаған, себебі заң бойынша мұндай кемеде 10 адамнан аспауы керек.

Айта кетейік, "Оскар" - ең беделді кино сыйлығы. Жүлде алғаш рет 1929 жылы берілген еді. Бірақ дәл осы кино академиясын құру идеясы 95 жыл бұрын пайда болған.

Биылғы "Оскар" жеңімпаздарының тізімі мына сілтемеде

АҚШ киноакадемиясының "Оскар" марапаты жыл сайын 24 категория бойынша беріледі. Биыл "Оскарға" барлығы 38 шығарма ұсынылған еді, оның ішінде анимация, деректі туынды және қысқа метр жанры да бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети