"Оскар-2022" рәсімінің жүргізушілері белгілі болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Оскар-2022" рәсімінің жүргізушілері белгілі болды Фото ©REUTERS

"Оскар-2022" марапаттау рәсімін стендап-комик Эми Шумер мен актриса Реджин Хол, Ванда Сайкс жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Оскар-2022" марапаттау рәсімін стендап-комик Эми Шумер мен актриса Реджин Хол, Ванда Сайкс жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, ресми хабарландыру ABC телеарнасының "Қайырлы таң, Америка" бағдарламасында жасалады. Марапаттау рәсімі Walt Disney Co (DIS.N) компаниясына жататын ABC телеарнасынан 27 наурызда көрсетіледі.

Рәсімде алғаш рет үш жыл ішінде жүргізушілер болатыны айтылды. Мұндай шешім кейінгі жылдары телешоудың рейтингі төмен болуына байланысты шығарылды.

Агенттік мәліметінше, "Оскардың" продюсері Уилл Пакер рәсімді қызық өткізу үшін әзіл айта алатын әйелдерді таңдаған. Америкалық кино өнері академиясының рәсімі Лос-Анджелестегі Dolby Theater үйінде өтеді.

Сондай-ақ, рәсімді ұйымдастырушылар іс-шараға жаңа өзгерістер, қосымша "номинация" енгізді. Twitter қолданушыларына сүйікті фильм үшін дауыс беру ұсынылды, көпке ұнаған туынды рәсімде жарияланады.

Еске салайық, 2019 жылы "Оскар" жүргізушілерсіз өтті. Алғашында марапаттау рәсімін Кевин Харт жүргізуі керек еді, бірақ актер ескі гомофобиялық хабарламаларға байланысты бұл қызметінен кетті. Харт кешірім сұраудан бас тартты. Ұйымдастырушылар оның орнына үміткер іздей бастады, бірақ кейін рәсімді жүргізушісіз өткізу туралы шешім шығарылды. 2020 жылы ұйымдастырушылар рәсімді тағы да жүргізушісіз өткізуге бел буды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети