"Оскар" жүлдесі кімдерге бұйырды?

27 Ақпан 2017, 09:18
0
"Оскар" жүлдесі кімдерге бұйырды? - © REUTERS/Mike Blake
© REUTERS/Mike Blake

Бүгін Лос-Анджелестегі Dolby Theatre театрында "Оскар" жүлдесінің 89-шы марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімінің қорытындысы бойынша, "Үздік фильм" номинациясын "Лунный свет" картинасы жеңіп алды. Сондай-ақ, осы номинацияға "Ла-Ла Ленд", "Лев", "Любой ценой", "Манчестер у моря", "Ограды", "По соображениям совести", "Прибытие" және "Скрытые фигуры" фильмдері ұсынылған еді.

Осылайша, "Ла-Ла Ленд" фильмі "Оскардың" алты жүлдесін жеңіп алды (оның ішінде "Үздік әйелдер рөлі" мен режиссура үшін), "Манчестер у моря" фильмі (сценарий мен "Үздік ерлер рөлі" үшін) "Оскардың" екі жүлдесін алса, "Лунный свет" фильмі "Оскардың" үш жүлдесін иеленді. 

Ал Эмма Стоун "Ла-Ла Ленд" фильміндегі "Үздік әйелдер рөлі" үшін марапатталса, Кейси Аффлек "Үздік ерлер рөлі" номинациясы бойынша ("Манчестер у моря" фильмі) марапатталды.

 

"Үздік режиссер" номинациясы - Дэмьен Шазелл.

 

"Үздік операторлық жұмыс" номинациясы - "Ла-Ла Лэнд" фильмі. Айта кетейік, фильмнің операторы - Линус Сандгрен. Ол сондай-ақ,  "Пряности и страсти" (2014), "Афера по-американски" (2013) және "Земля обетованная" (2012) фильмдерін түсірген.

"Үздік саундтрек" номинациясы - "Ла-Ла-Лэнд".

Айта кетейік, марапаттау рәсімінде атақты әнші John Legend "Ла-Ла Лэнд" фильміндегі City of stars әнін орындады. 

"Үздік ән" номинациясы - "Ла-Ла Лэнд" фильміндегі City of Stars әні.

"Үздік қысқаметражды ойын фильмі" -  "Пой" (Sing) картинасы.

"Үздік монтаж" номинациясы - "По соображениям совести". Бұл осы фильмнің осымен екінші "Оскар" жүлдесі.

"Үздік қысқаметражды деректі фильм" номинациясы - "Белые шлемы".

"Шет тіліндегі үздік фильм" - "Коммивояжер". Жүлдені Шарлиз Терон мен Ширли МакЛейн табыстайды. Бірақ фильм режиссері Асгар Фархадидің өзі "Оскар" жүлдесін ала алмады. Ол үндеуінде Трамптың саясатына оппозициялық көзқараста екенін айтып өтті.

"Екінші пландағы үздік актриса" номинациясы - Виола Дэвис.

"Үздік анимациялық фильм" номинациясы - "Зверополис".

"Үздік қысқаметражды анимациялық фильм" номинациясы - "Песочник"

"Үздік дыбыстық монтаж" номинациясы - "Прибытие" фильмі.

"Үздік костюмдер дизайні" номинациясы -  "Фантастические твари и где они обитают".

"Үздік грим мен шаш үлгісі" номинациясы - "Отряд самоубийц" фильмі.

"Үздік визуалды эффектілер" номинациясы - "Книга джунглей".


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай