Мексикалық режиссер Гильермо дель Тороның "Форма воды" фильмі "Оскар" сыйлығының "Жылдың үздік фильмі" номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мексикалық режиссер Гильермо дель Тороның "Форма воды" фильмі "Оскар" сыйлығының "Жылдың үздік фильмі" номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтіп жатыр. Іс-шараны АВС телеарнасы тікелей эфирден көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, биыл "Оскар" жүлдесінің "Үздік фильм" номинациясына 9 картина ұсынылды: "Леди Берд", "Призрачная нить", "Темные времена", "Форма воды", "Три билборда на границе Эббинга, Миссури", "Зови меня своим именем", "Дюнкерк" және "Секретное досье".
Сондай-ақ, картина режиссері Гильермо дель Торо "Форма воды" фильмінде үздік режиссура үшін жүлде алды.
"Форма воды" - мүмкіндігі шектеулі әйел адам мен құбыжықтың арасындағы махаббат жайлы фильм. Айта кетейік, фильм 12 номинацияға ұсынылды.
Осыған дейін "Оскар" жүлдесінің үздік ерлер және әйелдер рөлі лауреаттары аталған еді.
Ұлыбританиялық 59 жастағы актер Гэри Олдман "Темные времена" тарихи драмасындағы Уинстон Черчильді сомдағаны үшін "Үздік ерлер рөлі" номинациясын жеңіп алды. Бұл оның екінші "Оскар" номинациясы.
© REUTERS
Ал әйелдер арасында "Үздік әйелдер рөлі" номинациясында "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" драмасында басты рөлді сомдаған Фрэнсис Макдорманд алды.
© REUTERS