"Оскар" сыйлығының бас жүлдесін "Бердмэн" картинасы жеңіп алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Бердмэн" фильмін түсірген Алехандро Гонсалес Иньярриту. ©REUTERS "Бердмэн" фильмін түсірген Алехандро Гонсалес Иньярриту. ©REUTERS

Американың киноөнер академиясының "Оскар-2015" жүлдесін "Үздік фильм" аталымы бойынша режиссер Алехандро Гонсалес Иньярритудің "Бердмэн" картинасы жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жүлденің ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Американың киноөнер академиясының "Оскар-2015" жүлдесін "Үздік фильм" аталымы бойынша режиссер Алехандро Гонсалес Иньярритудің "Бердмэн" картинасы жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жүлденің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Стивен Хокингтің әлемі" фильмінде басты рольде ойнаған ағылшын Эдди Редмэйн үздік актер атанды. Фильм астрофизик Стивен Хокинг пен оның бірінші әйелі Джейннің махаббаты жайлы. Джулианна Мур үздік актриса атанды. Ол "Әлі де Элис" ("Все еще Элис") фильмінде Альцгеймер ауруына шалдыққан Элис Хаулэнд образын сомдап, "Оскар" жүлдесін алуға басты үміткер саналды. Бұл аталымда оған Риз Уизерспун ("Жабайы"), Розамунд Пайк ("Жоғалған"), Фелисити Джонс ("Стивен Хокингтің әлемі") және Марион Котийяр ("Екі күн, бір түн") бәсекелес болды.  

"Бердмэн" фильмін түсірген Алехандро Гонсалес Иньярриту үздік режиссер атанды. Ал "Екінші пландағы үздік актер" аталымында "Құлай берілу" ("Одержимость") фильміндегі ролі үшін Джей Кей Симмонс марапатталды. "Екінші пландағы үздік актриса" аталымында "Бозбала кезең" ("Отрочество") фильмінде ойнаған Патриция Аркетт "Оскар" жүлдесін алды. "Алдамшы ойын" драмасы "Үздік сценарий" аталымында жеңіске жетті. 

Эдвард Сноуденнің "Азамат төрт" ("Гражданин четыре") туындысы үздік деректі фильм деп танылып, "Оскар" жүлдесін алды. Киноакадемия мүшелерінің пікірінше, үздік ән "Сельма" лентасында орындалды. Glory композициясын John Legend пен Common орындады. "Үздік түпнұсқа саундтрек" аталымында "Отель "Гранд Будапешт" фильміндегі Александр Деплдың әні үздік шықты. 

"Қаһармандар қаласы" (Big Hero 6) мультфильмі "Үздік толықметражды мультипликациялық фильм" аталымында "Оскар" жүлдесін жеңіп алды. АҚШ киноакадемиясының таңдауы бойынша жылдың үздік мультфильмі аталымында "Айдаһарды қалай қолға үйрету керек-2" (How to Train Your Dragon 2), "Құбыжықтар жанұясы" (The Boxtrolls), "Теңіз әні" (Song of the Sea) және "Кагуя ханшайым аңызы" (The Tale of the Princess Kaguya) туындылары күрескен болатын.

"Оскар" жүлдесін алған барлық жеңімпазды мына жерден білуге болады. Оскар" жүлдесінің 87-марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro