Өз тілін білмейтін журналист жайлы "Шала қазақ" фильмі түсіріліп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фильмнің режиссері Төлеген Байтукенов. © np.kz Фильмнің режиссері Төлеген Байтукенов. © np.kz

"Қазақфильмде" "Шала қазақ" фильмі түсіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақфильмде" "Шала қазақ" фильмі түсіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шала қазақ" фильмінің сценарий авторы әрі режиссері Төлеген Байтүкенов. Оның басты кейіпкері Жан есімді қалалық жігіт ана тілін білмейді және оны үйренуге де талпынысы жоқ. Ол танымал газеттердің бірінде журналист болып қызмет жасайды. Бір күні ауруханада есін жиған Жан орыс тілі мен ағылшын тілін мүлдем ұмытып, ана тілі - қазақ тілінде сөйлеп кетеді. Осылайша ол орыс редакциясынан ауысып, қазақ редакциясында жұмыс істеп, уақыт өте қазақ тілді танымал журналиске айналады. Бұрындары туған тілі мен дәстүрлерінен бейхабар болып, күлкіге айналған Жан енді жаңа өмірге қадам басады.

Сонымен қатар, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында тағы екі толықметраж көркем фильмнің жобалары талқыланып, өндіріске жіберілді.

Солардың бірі қазақстандық жазушы Данияр Сүгіралиновтың "Кірпіштер 2.0" атты кітабының желісі бойынша түсірілетін "Кірпіштер" фильмінің (жұмыс атауы) түсіру жүмыстары басталды.  

Фильмде өз өмірін өзгертуге ұмтылған жігіттің өмірі баяндалады. Қарапайым да мейірімді жігіт болған ол мақсатына жету үшін әдепсіз өзімшіл қатыгез адамға айналады. Адамның адалдығына сенуден қалып,  танымастай өзгеріп кеткен ол достарынан да айырылып, жалғыз қалады. Өмірінің осылайша өзгергенін қаламаған бас кейіпкер жан күйзелісіне ұшырап, ішімдікке салынады. Алайда маскүнемге қол ұшын созғандар табылып, енді ол нық сеніммен жаңа өмірге қадам басады.

"Өмірден өз орнын таба алмаған, әбден түңілген жастарға арналған бұл шығарма қанаттарын кеңге жайып, өмірлерін мәнді де мағыналы етіп өзгертуге шақырады", - деді "Кірпіштер 2.0" кітабының авторы Данияр Сүгіралинов.

Фильмнің режиссері әрі сценарий авторы Фархат Шәріпов ("Қызғылт қоян туралы хикая", "Инопланетяне ни при чем", "Ақ жол").

Сонымен қатар, дайындық кезеңінен өткен "Шала қазақ" және "Ең сұлу. 14 қыз" (жұмыс атаулары) атты  толықметраж көркем фильмдердің авторлары өтпелі көріністерді түсіруді бастады.

"Ең сұлу. 14 қыз" фильмі биыл жарыққа шығып, прокаттың көшбасшысы болған "Ол алты қыз" комедиясының  жалғасы. Комедияның авторлары  бұл фильм нағыз достықты насихаттайтын әзілге, қызықты оқиғаларға толы, халықтың көңілінен шығатын кинотуынды болатынын айтты.

"Қай заманда болсын, қазақ халқы әрқашанда шаңырақты жоғары бағалаған. Қазіргі аласапыран қиын заманда құндылықтардың орны мен реті өзгеріп, жастар отбасын құруға асықпайды. Еркін қарым-қатынастарға жол беріліп, мансапқорлыққа ұмтылған жалғызбастылар саны көбейіп жатыр", - деді картинаның режиссері Қанағат Мұстафин.

Самат есімді фильмнің басты кейіпкері әлі күнге дейін үйленбей, сұрбойдақ атанып жүр. Достарын үйлендіруді көздеген Бауыржан және Тимур есімді достары оған қалыңдық тауып, үйлендірмек болады. Ойламаған жерден өзге елде халықаралық контрабандистер қатарына жатқызылған үш дос бандиттер мен полицейлерден қашып, көптеген қызықты оқиғаларды бастан кешіреді. Алайда, бәрі де ойдағыдай аяқталады - Самат өз қалыңдығын тауып, нағыз қылмыскерлер түрмеге қамалады. Сценарий авторлары Қанағат Мұстафин мен Серік Қасабеков. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro