Өзбекстандық кинорежиссер Алматыда "Абайдың қара сөздері" деректі фильмін көрсетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© mfa.gov.kz © mfa.gov.kz

Өзбекстандық кинорежиссер "Абайдың қара сөздерін" Алматыда таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстандық кинорежиссер "Абайдың қара сөздерін" Алматыда таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші Орталық Азия деректі фильм форумы Алматының мәденени өміріндегі айтулы оқиға болды. Себебі, өзбекстандық режиссер Шухрат Махмудовтың "Абайдың қара сөздері" деректі фильмінің тұсаукесерін таныстырса, қазақстандық режиссер Берік Жаханов Әбдіманат есімді өзбек отбасының дәстүрлі кәсібі бесік жасаудың қыр сырларын әңгімелейтін "Бабалар мұрасы" атты фильмін көпшіліктің назарына ұсынды.

"Өзбекстандық режиссер түсірген фильм желісінде қазақ ақынының жастық шағы, оның қоршаған ортасы, шығармашылығы және мұрағат құжаттары кеңінен насихатталған. Мұндай өзара мәдени байланыс екі бауырлас елдерің мәдениеті мен тарихын тануға ерекше ден қойылғанын аңғартса керек. Сондай-ақ, аталмыш басқосу қазақстандық танымал режиссер Бақыт Қайырбековтің "Қазақстандағы түркітілдес халықтар" циклы бойынша түсірілген "Огонь, мерцающий в сосуде" атты фильмін таныстырумен өз жұмысын аяқтады", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Фильм Қазақстан жерінен басқа да Хакасия, Татарстан, Қырғызстан елдерінде түсірілген. Бауырлас халықтардың дәстүрлі мәдениетін қамтыған сюжетті тамашалаған көрермен ерекше тәнті болған. Танымал ресейлік кинотанушы Евгений Майзель фильм авторына: "Экранда көрсетілген дүниелерден көп нәрсені түйдім әрі аса маңызды жұмысты шебер көрсете білгеніңізге таң қалып отырмын", - деді.

Форумда арнайы қойылған көрсетілімдер қазіргі Орталық Азияның жаңа бет-бейнесінде өзге халықтар бір-бірін қалай сыйлай біле алатынын тағы да бір дәлелдей түсті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro