Алматыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры қолдауымен ұйымдастырылған Қазақ деректі киносы күндері шеңберінде "Пацаны зовут его Батя" атты деректі фильмнің таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры қолдауымен ұйымдастырылған Қазақ деректі киносы күндері шеңберінде "Пацаны зовут его Батя" атты деректі фильмнің таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Картина режиссері - Айнұр Ахметжанова. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген кинотуынды запастағы полковник, Ауған соғысы ардагері, Чернобль АЭС апаты зардабын жою жұмыстарына белсене қатысқан, "Легион" әскери-патриоттық клубының негізін қалаушы әрі жетекшісі Батур Абдусаламовтың өмірі мен қызметі туралы баяндайды.
"Бұл Батур аға туралы түсірген екінші фильмім. Ең алғаш рет осы кісі туралы 7 жыл бұрын түсірдім, ол ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының қолдауымен түсірілген дипломдық жұмыс еді. Қанша фильм түсірсем де, өзімнің алғысымды жеткізе алар емеспін. Мансап қумай, атақ-даңқ үшін емес, саналы ұрпақ тәрбиелеуде тер төгіп жүрген осындай азаматтарды біліп жүруіміз қажет деп ойлаймын. Олай дейтінім, Батур аға 30 жылға жуық әр жастағы түрлі ұлт өкілдерінен жиналған балаларды тегін жаттықтырып жүр. Бұл балалар көше кезіп немесе компьютерлік клубтарды жағаламай, өз уақыттарын Батур ағаның жаттықтыру залында өткізетіндері қуантады. Жаттығу жұмыстары қолайсыз жағдайдарда - жертөле мен мектеп аулаларында өтсе де, балалар үлкен қызығушылықпен келіп қатысады. Тіпті мектеп бітіріп, институт тәмамдаған жастар ағайларымен әлі күнге дейін хабарласып тұрады, - дейді фильмнің режиссері Айнұр Ахметжанова.
Суреттерді киностудияның баспасөз қызметі жолдады
Фильмнің түсіру жұмыстары Алматы және Алматы облысында жүргізілді. Фильмде режиссер әр жылдары өзі түсірген бейнематериалдар, сонымен қатар басты кейіпкердің жеке мұрағаты пайдаланылды.
"Мен "Легион" клубын бұрыннан жақсы білемін. Араласып жүргенімізге 20 жылдай уақыт болды. Батур ағаны әкемдей көремін. Фильмнің түсіру тобы да оған қатты бауыр басып кетті, өйткені екінші фильмнің түсіру тобы айтарлықтай өзгермеген", - дейді режиссер.