Голливудтың атақты актері Пирс Броснан "Арындылар" (The Expendables) франшизасының үшінші бөліміне түседі деп хабарлайды "Новости мира" басылымы.
Голливудтың атақты актері Пирс Броснан "Арындылар" (The Expendables) франшизасының үшінші бөліміне түседі деп хабарлайды "Новости мира" басылымы.
61-ге таяған Броснан атыс-шабыс жанрындағы фильмге түсуге келісім берген. Дегенмен агент Джеймс Бонд рөлін сомдаушы актер әзірше жаңа фильм авторларымен ешқандай келісімшартқа отыра қоймапты.
Еске сала кетейік, "Арындылардың" үшінші фильмі тамыз айында жарыққа шығады деп жоспарланып отыр. Сценарийін Сильвестр Сталлоне жазған картинада Голливудтың басқа да көптеген танымал актері ойнайды: Сталлоненің өзі, Джейсон Стэйтем, Джет Ли, Антонио Бандерас, Уэсли Снайпс, Дольф Лундгрен, Мэл Гибсон, Харрисон Форд, Арнольд Шварценеггер және басқалар. Кейіпкерінің мұның алдындағы бөлімде қайтыс болғанына қарамастан, Жан-Клод Ван Дамм да "Арындылардың" үшінші бөліміне түсуге бірнеше мәрте тілек білдірген.
"Арындылар" 2010 жылы әлемдік прокаттан 274 млн доллар табыс түсірді, ал өзінің бюджеті 82 млн доллар болатын. Бұдан соң фильмнің екінші бөлімі (2012 жыл) 305 млн доллар жинады, оның бюджеті - 100 млн доллар.