Илья Глинников "Залетчики" фильмінен кадр
"Залетчики" фильмінің продюсері Наталья Расторопнова барша түсірілім тобынан және "НТК" телеарнасының тілшісінен "Интерны" сериялындағы Илья Глинников үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Продюссер журналистке хабарласып барлық түсіру тобы актердың қылығы үшін ыңғайсызданғанын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, келеңсіз жағдай Алматыда "Залетчики" фильмінің жабық көрсетілімінде орын алған еді. Осы фильмде Илья Глинников басты рөлде ойнаған болатын. Баспасөз конференциясында журналистің "Сізге фильмде үлкен бөксенің киімін киіп ойнау қаншалықты қиын болды" деген сауалына актер балағат сөздермен дөрекі жауап берген еді. Бұл жағдайға интернет қолданушылар наразылық білдірді. Бұрынғы Ауылшаруашылық вице-министрі Марат Төлебаев Илья Глинников ойнайтын ресейлік "Залетчики" комедиясына байкот жариялау керектігін айтты. Кейбіреулер "Залетчики" фильмін Қазақстанға прокаттауға мүлде тиым салу керек десті.
"Залетчики" фильмінің продюсері Наталья Расторопнова барша түсірілім тобынан және "НТК" телеарнасының тілшісінен "Интерны" сериялындағы Илья Глинников үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Продюссер журналистке хабарласып барлық түсіру тобы актердың қылығы үшін ыңғайсызданғанын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, келеңсіз жағдай Алматыда "Залетчики" фильмінің жабық көрсетілімінде орын алған еді. Осы фильмде Илья Глинников басты рөлде ойнаған болатын. Баспасөз конференциясында журналистің "Сізге фильмде үлкен бөксенің киімін киіп ойнау қаншалықты қиын болды" деген сауалына актер балағат сөздермен дөрекі жауап берген еді.
Бұл жағдайға интернет қолданушылар наразылық білдірді. Бұрынғы Ауылшаруашылық вице-министрі Марат Төлебаев Илья Глинников ойнайтын ресейлік "Залетчики" комедиясына байкот жариялау керектігін айтты. Кейбіреулер "Залетчики" фильмін Қазақстанға прокаттауға мүлде тиым салу керек десті.