Қанат Бейсекеевтің Ирандағы қазақтар жайлы фильмі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Бейсекеевтің Ирандағы қазақтар жайлы фильмі жарияланды © instagram.com/beisekeyev

Қазақстандық режиссер, шетелде жүрген отандастар жайлы бірнеше картинаның авторы Қанат Бейсекеев Иранда тұрып жатқан қазақтар жайлы фильм түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық режиссер, шетелде жүрген отандастар жайлы бірнеше картинаның авторы Қанат Бейсекеев Иранда тұрып жатқан қазақтар жайлы фильм түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Басқа елге қоныс аударған қазақтардың өмірі мен салт-дәстүрлері жайлы түсірілген "Көшпенділер" деректі фильмі YouTube желісінде жарияланды. Картина Иранның Горган қаласында 100-ге жуық қазақ отбасы тұратын жерде түсірілген. 

"1927-1935 жылдары тарихи отанында жағдай нашарлаған уақытта олар өздерін құшақ жая қарсы алған елден пана тапты", - делінген фильмнің сипаттамасында. 

Иран құқық қорғау органдары түсірілім кезінде Қанат Бейсекеев пен аэротүсірілм жасаған оператор Нұрсұлтан Бейкеновті ұстады. Себебі қазақстандықтардың ресми түрде сол елдің аумағында түсірілім жасауға рұқсат қағазы болмаған, түсірілген материал мен жалпы есепте 13 мың долларға бағаланған түсіру құрылғылары тәркіленген. Фильм резервтегі көшірмелер арқылы жасалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Gorgan, Iran Day 2

Публикация от kana beisekeyev (@beisekeyev)

Қанат Бейсекеевтің өнер жолы Vox Populi жобасынан басталған, ол документалист-фотограф болып жұмыс істеген. Кейінірек ол Америкаға оқуға кетіп, сонда тұратын қазақстандықтар жайлы түсіре бастаған. 

Сонда жүріп ол америкалықтардың Қазақстаннан асырап алынған балалары жайлы "Бала" фильмін түсірді. Бұл жобаға ол бір жыл уақытын жұмсаған. 

Кейінірек ол Димаш Ниязовтың өмірі жайлы түсірген. 

Сондай-ақ, Қанат Бейсекеев АҚШ-та биші болып жұмыс істейтін бір аяғынан айырылған қазақстандық жігіт туралы "Хочу танцевать" фильмін түсірген. 2017 жылы желтоқсанда ол "Хочу в балет" атты деректі фильмді ұсынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети