Қарағандылық режиссердің фильмі "Аватардан" асып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық режиссердің фильмі "Аватардан" асып түсті Олег Степченко. Фото nv.kz

Гоголь повесінің желісімен түсірілген қарағандылық режиссер Олег Спетченконың "Вий" фильмі Ресейде прокаттың алғашқы аптасында-ақ рекордтық көрсеткішке жетті. Фильм 30-қаңтар мен 2-ақпан аралығында 605,2 миллион рубль, яғни 17 млн доллардан астам касса жинаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Юниверсал пикчерз" дистрибьютерлік компаниясының сараптамасы бойынша бұл фантастикалық триллер Федор Бондарчуктың "Сталинград" (520 млн рубль), Джеймс Камеронның голливудтық блокбастері "Аватар" (601,8 млн рубль) фильмдерінен асып түскен. Ал жалпы кассалық көрсеткіші рекордқа жететін-жетпейтінін уақыт көрсетеді. "Вий" фильмінің түсірілу бюджеті 26 млн доллар. Алты жыл бойы түсірілген фильмде Ресейдің Валерий Золотухин, Нина Русланова, Андрей Смоляков, Алексей Чадов сынды белгілі актерлері ойнайды. Фильмнің сюжеті бойынша, Британдық картограф Джонатан Грин (Джейсон Флеминг ойнайды) Еуропадан Шығысқа ғылыми саяхат жасайды. Саяхат барысында картограф украиналық хуторға тап болады. Ол бұл жерде әділетсіздікпен күреседі. Олег Степченко 1964 жылы 25 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды қаласындағы №30 мектепте білім алып, осы қалада пединститутта сызу, сурет салу мамандығын игерген. Одан кейін Суриков атындағы көркемсурет академиясын "театр және кино суретшісі" мамандығы бойынша 1995 жылы бітірген. Түрлі театрларда, соның ішінде Мәскеудің Таганка театрында қоюшы-суретші болып қызмет атқарды. Таяуда Олег Степченко Қарағандының "Жаңа хабаршы" басылымына берген сұқбатында өзінің қарағандылық екенін мақтан тұтатынын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети