"Қазақ хандығы" сериалының екінші маусымына кастинг жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақ хандығы" сериалының екінші маусымына кастинг жарияланды "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмінің постері.

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақ хандығы" сериалының екінші маусымына үш жастан сексен жасқа дейінгі аралықта актерлерге кастинг жариялайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақ хандығы" сериалының екінші маусымына үш жастан сексен жасқа дейінгі аралықта актерлерге кастинг жариялайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақ хандығы" сериалының екінші маусымына кастинг жариялайды. Сериалды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы түсіреді", - делінген хабарламада. .

Кастингке үш жастан он жасқа дейінгі балалармен, 18-80 аралығындағы ерлер мен әйелдерге кастинг жарияланды. Барлық ұлт өкілдері қатыса алады. Ұйымдастырушылар әйелдерге талап қойды: "Әйелдердің татуажсыз, жасанды кірпіксіз және бет бояуынсыз келулерін сұраймыз".

Кастинг Алматыда 25 шілдеден 10 қыркүйекке дейін төмендегі мекен жай бойынша жүреді. Әл-Фараби даңғылы, 176, "Қазақфильм" киностудиясы, ПЛК ғимараты, 2-ші этаж, 255 кабинетте өтеді. 

Сериалдың режиссері - бірінші маусымды түсірген Рүстем Әбдірашов ("Қаладан келген қыз", "Сталинге сыйлық", "Балалық шағымның аспаны", "От өзен", "Темір тау", "Тығырықтан жол тапқан", "Қазақ хандығы. Алмас қылыш").

Айта кетейік, таяуда Рүстем Әбдірашов голливудтық актер әрі режиссер Николас Кейджбен кездесті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети