Қазақстанда киноға кіру билетінің құны бір жылда 16 пайызға өскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда киноға кіру билетінің құны бір жылда 16 пайызға өскен © bantikov.ru

Қазақстанда киноға кіру билетінің құны бір жылда 16 пайызға, ал театр билетінің құны 10,8 пайызға өскен, - деп хабарлайды Energyprom.kz сараптамалық қызметінің мамандары.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда киноға кіру билетінің құны бір жылда 16 пайызға, ал театр билетінің құны 10,8 пайызға өскен, - деп хабарлайды Energyprom.kz сараптамалық қызметінің мамандары.

2016 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша еліміздің ірі қалалары мен мегаполистерінің ішінде кинотеатрға кіру құны Таразда екі есе өсіп кеткен, яғни билет 531 теңгеден 1000 теңгеге қымбаттаған. Ал Көкшетау тұрғындары кинотеатр билетін 1500 теңгеге (50 пайызға өскен), Қызылорда тұрғындары 1300 теңгеге (32,7 пайызға өскен) сатып алатын болған. Семей киносүйерлері үшін билет құны 28,4 пайызға өскен билет сатып алады (1063 теңге). Астанада билет құны 1446 теңгеге билет сатып алады (26,5 пайыз). Мамандардың мәліметінше, ең қымбат билеттер Атырауда (орташа алғанда билет құны - 1600 теңге). Ең арзан билет болса Петропавлда (949 теңге). 

Ал театр билеттеріне келсек, Өскеменде билет 60 пайызға қымбаттап кеткен (800 теңге). Ал Талдықорғанда 40 пайызға өскен (билет құны - 700 теңге). "Ірі қалалар мен мегаполистер қатарында ең қымбат билет Алматы театрларында (билет құны - 1993 теңге). Ең арзан билет Қызылордада (400 теңге)", - деп хабарлады мамандар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети