Қазақстанда қандай фильмдер көрсетілімге жіберілмейтіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қандай фильмдер көрсетілімге жіберілмейтіні белгілі болды © vera_mysina

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Қазақстанда қандай фильмдер көрсетілімге жіберілмейтінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Қазақстанда қандай фильмдер көрсетілімге жіберілмейтінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрлік мәліметі бойынша, жалпы көрсетілімге ұсынылатын отандық және шетелдік фильмдерге көрсетілім куәлігі қажет. Бұл қатарға фестивальдер, семинарлар мен басқа да шараларда көрсетілетін фильмдер кірмейді. 

"Көрсетілім құжаты талапқа сай келмейтін нақтыланбаған және өзгертілген ақпараты бар, мазмұнында конституциялық құрылымды, республиканың тұтастығын күшпен өзгертуді үгіттейтін немесе насихаттайтын, мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және ұлттық араздықты тудыратын фильмдерге берілмейді", - дейді министрлік өкілдері. 

"Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабы бойынша, азаматтар өз үйінде өз қалауынша фильм көруге және музыка тыңдауға құқылы", - делінген жауапта. 

Айта кетейік, мұның алдында "Құбыжық пен сұлу" мюзиклі қазақстандық көрсетілімге кешігіп шыққан еді. Бұл өз уақытында көрсетілім құжатын алмағандықтан болған. Кейін фильмге "16+" жас шектеуі қойылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети