Қазақстандық дебютант-режиссердің фильмі "Дидор" фестивалінде таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дебютант-режиссердің фильмі "Дидор" фестивалінде таныстырылды Иллюстрация. ©Tengrinews.kz

Режиссер Кенжебек Шайқақовтың "Күркө" ("Шалаш") фильмі Душанбедегі VI Халықаралық "Дидор" кинофестивалінде таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Режиссер Кенжебек Шайқақовтың "Күркө" ("Шалаш") фильмі Душанбедегі VI Халықаралық "Дидор" кинофестивалінде таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Режиссердің тұңғыш жұмысы тауық ұрлағаны үшін жайлауға малшы ретінде еңбекпен түзеуге жіберілген жігіттің оқиғасы туралы, ол онда күркеде тұруға мәжбүр болады. Ол сонда қырғыз қызымен танысып, оған ғашық болады. "Қазақстандық бұл фильм "сүйгеніңмен бірге отырған күрке де жұмақтай" дегенді көрсетпейді. Бұл картина олардың бір жаздың ішінде сол күркені үйге айналдырып, шын мәнінде бақытты әрі еркін өмір сүретіні жайлы", - деді туындының тұсаукесерінде болған кинотанушы Гүлнара Әбікеева.

"Қазақстанда оны ешкім көрген жоқ, өкініштісі сол, себебі, меніңше, бұл картина осы жылдың отандық үздік үш фильмінің қатарына кіреді. Ол жеке студияда түсірілген, қазақ тілінде, тіпті оны дебютант-режиссер түсірген. Сондықтан оның таралауымен ешкім айналысқан жоқ. Солай бола тұра әдемі, Серік Апрымовтың картиналары іспеттес жасалған драма", - деді Әбікеева. 

Айта кетейік, қазақстандық "Күркө" фильмі "Дидор" кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасында ұсынылды. Басты сыйлыққа Иран, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Армениядан 10 лента таласып жатыр. Мұнымен бірге, бағдарламаға Қазақстан, Германия, Грузия, Франция және Чехияның бірлесіп түсірген "Жүгері аралы" ("Кукурузный остров") лентасы да ұсынылған. Қазылар алқасы құрамына мәдениеттанушы Фран Фрай, Иран кинорежиссері Ризо Миркарими және тәжік режиссері Давлат Худоназаров кірген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети