Қазақстандық фильм Минскідегі халықаралық кинофестивальде жүлде алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық фильм Минскідегі халықаралық кинофестивальде жүлде алды "Қожайындар" фильмінің кадры

Әділхан Ержановтың "Қожайындар" фильмі Минскідегі "Лiстапад" 21-ші халықаралық кинофестивальде жүлде алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділхан Ержановтың "Қожайындар" фильмі Минскідегі "Лiстапад" 21-ші халықаралық кинофестивальде жүлде алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картина қазылар алқасының "Әлеуметтік кинодағы эстетикалық максимализм үшін" арнайы дипломын алды. Биыл қазылар алқасының төрағасы - ресейлік режиссер Валерий Тодорковский ("Сәнқұмарлар", "Саңыраулар елі") болды. Айта кетейік, "Юрий Марухин атындағы үздік операторлық жұмыс" аталымында "Жүгері аралы" ("Кукурузный остров") фильмі жеңімпаз болды. Бұл филльм Қазақстан, Грузия, Германия, Франция, Чехия және Венгрия кинематографистерінің бірігіп түсірген жұмысы.

Мұнымен қатар, америкалық белгілі киносыншы Джонатан Розенбаум қазақстандық "Қожайындар" фильмін Sight&Sound версиясы бойынша ТОП-5 үздік фильмдер қатарына қосты. Бұл тізімге Horse Money, Adieu au langage, Locke және Citizenfour фильмдері енді.Әділхан Ержановтың фильміне жазған пікірінде Розенбаум "Бұл - мен үшін және менің көпшілік студенттерім үшін нағыз нағыз жаңалық" деп жазды.

Айта кетейік, "Қожайындардың" әлемдік премьерасы Канн кинофестивалінде өтіп, оның қорытындысы бойынша картина сыншылардың жоғары бағасына ие болған еді. Сонымен бірге, лента Канада, Сингапур, Оңтүстік Корея, Ресей, Франция, Польша, Словакия, Нидерланды елдеріндегі кинофестивальдерге қатысты. "Қожайындар" фильмі елдегі жемқорлықтың салдарынан баспанасынан айырылған ағалы-інілі және апалы-сіңлілі адамдардың хикаясы туралы. Жергілікті тұрғын учаскелік полицей болып жұмыс істейтін туысының көмегімен кейіпкерлерді пәтерінен шығарады. Жастар арқа сүйейтін жақыны жоқ болғанымен баспанасынан жайдан-жай айырылып қалғысы келмейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети