Қазақстанмен бірігіп түсірілген фильм "Оскарға" ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанмен бірігіп түсірілген фильм "Оскарға" ұсынылды Сурет "Кукурузный остров" үзіндісінен алынған

"Қазақстан, Германия, Грузия және Франция мен Чехия бірігіп түсірген режиссер Георгий Овашвилидің "Жүгері аралы" фильмі "Оскарда" бағын сынамақ", - деп жазады Tengrinews.kz. Айта кетейік, бұл туындыны ұсынып отырған Грузия.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан, Германия, Грузия және Франция мен Чехия бірігіп түсірген режиссер Георгий Овашвилидің "Жүгері аралы" фильмі "Оскарда" бағын сынамақ", - деп жазады Tengrinews.kz. Айта кетейік, бұл туындыны ұсынып отырған Грузия.

Кино Карловы Вары халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған. Психологиялық драма грузиялық режиссердің бұдан бұрынырақта түсірген "Басқа жағалау" фильміне ұқсас, нақтырақ айтсақ, Грузия мен Абхазия арасындағы қақтығыс негіз болған.

Фильмде Абхазия мен Грузия шекарасын бөліп жатқан өзен ортасында орналасқан, яғни 16 жастағы бойжеткен мен қария жүгері өсіретін аралдағы оқиға баяндалады.

Лента продюсерлерінің бірі - қазақстандық кинематографист Сайын Ғабдуллин. 9 лентадан тұратын шорт-парақ 1-қазан күні жария болады. Ал американдық 87-ші Киноакадемия 2015-жылдың 22 ақпанына жоспарланып отыр.

Бір айта кетерлігі, "Оскарға" өткен жылы Ермек Тұрсыновтың "Шалы" киносы барып қайтқан болатын. Алайда ол шорт-параққа еңбей қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети